Кей "батырлар" айтпағанды ЛГБТ өкілдері айтып, үндеу жасады

Кей "батырлар" айтпағанды ЛГБТ өкілдері айтып, үндеу жасады

Қазақстандағы ЛГБТ өкілдері арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Еліміздегі ЛГБТ ұйымының өкілдері, феминистер арнайы баспасөз жиынын өткізіп, үндеу жариялады. 

Жанар Секербекова қоғамда болып жатқан ең өзекті проблемаларды шешудің орнына кей шенеуніктер ЛГБТ өкілдерімен алысып жүргенін айтады. 

"Отбасыма, өзіме бірнеше қалада шабуылдар жасалды. Бірақ сол шабуылдарды жасағандардың ешбірі жауапқа тартылмады. Құқыққорғаушылар бізге шабуыл жасағандардың ісін қарауға құлықсыздық танытып отыр. 

Мұнан бөлек, Жаңбыршин, Назаров, Смирнова, Магеррамов, Айтмағамбетов Зайытов сынды шенеуніктер билік мінберінен әлсіз топ саналатын бізге тиісуін тоқтатпай отыр. 

Біз зайырлы елміз. Демек, зайырлы елде барлық адамның құқығы тең.  Олай болса, жоғарыда аты аталған депутаттар неге Конституцияны бұзып отыр? Конституцияның 14 бөлігі, 2 параграфын бұзып отыр. 

Бұл елде қымбатшылық, салық өсімі, айыппұл, күн сайын болып жатқан отбасылық зорлықтар, үлкендер тарапынан айуандық әрекет көріп, Саймасайда өзіне қол салған бала мен басқа аймақтарда үлкендердің қиянатының кесірінен о дүниеге аттанып жатқан балалар проблемаларының бәрі шешіліп, реттеліп, енді тек ЛГБТ проблемасы ғана қалды ма?

"Қаңтар қырғынында" басына оқ тиген Айкөркемнің оқиғасы ЛГБТ өкілдерімен алысқандардың жүрегін бір рет болса да, дір еткізді ме? Егер титтей болса да, сол қайғылы жағдай әсер еткен болса, неге бүгінге дейін жоғарыда айтылған проблемалардың неге ең болмаса, біреуі шешімін таппады?"деп Парламентке ресми хат жолдағандарын, сонымен қатар Халықаралық ұйымдардан көмек сұрайтындарын мәлімдеді. 

Барлық жаңалықтар