Қазақстандық әлеуметтік желілерде кей мұғалім, директорлардың "тапсырманы орындау" әрекеттері әшкере болып, жұрт қызу талқыға салып жатыр деп жазады Democrat.kz.
Танымал геолог өзінің парақшасында: "Мына Асылай апай мектеп директоры. Осы кісіге ұқсап бастықтарыңыз жібергенді көшіріп сала салмаңыздар!" Деген жазбамен скринделген фото бөлісті.

Осыған ұқсас жайттың скрин көшірмесі әлеуметтік желілерді шарлап кетті.


Әлеуметтік желіде бұл скриндерге қатысты жұрт білім саласының мұндай мамандарын "сатқын" деп сынап, реніш білдіруде.