Кей жас мұғалім жоғары сынып оқушысының қуыршағына айналған

Кей жас мұғалім жоғары сынып оқушысының қуыршағына айналған

Маңғыстаудағы түлектердің жол апатына ұшырауы, Алматы облысы Қарасайдағы түлектің төбелесіп,сыныптасына шампур тығып алуы, Астана түбіндегі Қосшыдағы тарихшы мен математик мұғалімнің төбелесі - соңғы жылдағы білім саласындағы тәрбие мен білім берудің құлдырағанын көрсетеді.

Осының бәрі - тәрбиге қатысты дүниені мектепке, мұғалімге жүктей бергеннен. Балаға жауап беретін ата-ана да баланың тәрбиесін мектепке аманаттап, жұмыста жүреді. Қазіргі бала - баяғыдай аңқиып, мұғалімге сене бермейді, ата-ана балам өзім көрген қиындықты көрмесін деп, барын аузына тосады, иығына іледі. Соңында баланың тізгініне өзі де ие бола алмай қалады. Білім беру саясаты әлсіреген, идеология қырық пышақ: мектеп, дін, ашық-шашық интернет, уақыты аз ата-ана. Мектептегі ата-анаға методикалық көмек те жалаң тірлік, жетістіріп жатқан шамалы, топырлап-ортаға шығып әрнәрсені бір айтып кетеді. Мұғалімнің де сіңбіруге мұршасы жоқ, қатысатын жобасы көп, аттестациясы тағы, тексеруі, байқауы, семинары, тәжірибе таратуы көп. Қараусыз қалған бала білгенін жасап тайраңдайды. Жас мамандар бала тұрмақ өздерін алып жүре алмайды. Кейбіреуі жоғары сынып оқушыларының күліп-ойнайтын қуыршағына айналған. Ышқынып жүз жоба жасап енгізсе де тәрбие мен білім беру әбден ақсады. Енді күйрегенін күте ме, білмеймін?! Мира БАРКАЗАТҚЫЗЫ, білікті ұстаз. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар