"Кей олимпиада оқушының сағын сындыруда": Төбедегі көкелер, төмендегі балалардың обалынан қорықпай ма?

"Кей олимпиада оқушының сағын сындыруда": Төбедегі көкелер, төмендегі балалардың обалынан қорықпай ма?

Елімізде оқушылардың білімін сынап, екшейтін түрлі деңгейдегі  түрлі олимпиада жарыстары әділ өтіп жатыр ма? Бұл сұраққа қатысты әлеуметтік желіде біраз пікірталас болды деп жазады Democrat.kz. 

Threads әлеуметтік желісінде Айжан Ереке атты желі қолданушының: "БИЛ мектептерінің оқушылары мықты, ол жерде база керемет. Бірақ қаланың жалпы орта мектептерімен бірге олимпиадаға жарыстарына қатыстыратындарына келіспеймін.

Өз деңгейіндегі мектептермен жарысып республикаға шығара берсе екен, әйтпесе біз сияқты қарапайым мектеп оқушылары қалалық деңгейден ары қарай аспайды ғой..."деген жазба жариялады. 

Осы жазбаға қатысты төмендегідей пікір білдірген желі қолданушылардың басым бөлігі оқушылар арасында өтетін олимпиадалардың әділ өте бермейтінін алға тартуда. 

"НИШ өз арасында қалалық, облыстық деңгейдегі олимпиададан өз араларында өтеді, бірақ квота аз беріледі 22 мектепке, ал енді НИШ-тің 3-орын алған, төмен жинаған оқушыларының баллы, сол қалалық, облыстық деңгейде 1- орын алған оқушылардың баллымен бірдей, НЗМ мектептерінің өзінде Республикаға шығу өте қиын, ал енді БИЛ оқушыларының жылда орын алуы, ол оқушылардың мықты дайындықтары арқасында деп ойлаймын"

"НЗМ мектептеріне республикаға өтуге 3 команда беріледі. Меніңше аз сияқты, 5-6 команда беру керек сияқты. Бірақ НЗМ мектептері басым көпшілігі олимпиадаларға БИЛ, РФМШ мектептері сияқты жан салып дайындалмайды деп естідім, оларда Халықаралық бағдарламаға сай келу маңыздырақ деп естідім".

"Менің оқушым жай мектептікіміз, 3 орынға 0,25 балл жетпеді, 30 оқушының 14 оқушысын марапаттаүан, 15 ші болып тұрмыз, сол сағын сындырмай 50-60 пайзына орын берсе қандай жақсы болар еді, екі күн олимпиадада жүрді, жазымен дайындалды. Алпауыт мектеп оқушыларына орын бере бермей дегенім гой... оқушым екі күннен бері көңіл күйі болмай жылап..."  
 
"Ақтөбе қаласында орта мектептерге бөлек инновациялық мектептерге бөлек орын береді. Ең әділ шешім осы деп ойлаймын"
 
"Иә дұрыс айтасыз. БИЛ деген ол біздің мектептерден ең мықты оқушыларды іріктеп оқытатын мектеп қой сосын әрине орын алып кетеді "
 
"КТЛ, НЗМ оқушыларын қай оймен қосады екен жалпы орта мектептерге? Олар жалпы орта мектеп дайындаған балаларды өздеріне тартып алғанымен қоймай, олимпиададан оын бермейді..."  
 
"Негізі қарапайым ауыл мектебінің оқушылары да республикалық деңгейге жете де аса да алады.Бірақ сол баяғы әділеттілік жоқ кей жағдайларда.Мынадай көзқарас бар:Билдың баласы қарапайым мектеп оқушысынан жоғары алуы керек қой, олардың білімі терең деген.Өзім көріп жүрмін кейде бағалау әділетсіз өтеді".
 
"Сонда қашанғы БИЛ мектептері осылайша өз басымдықтарын пайдаланып, “белден басып” орын ала береді? Тіпті аппеляция кезінде БИЛ оқушыларына 5 минуттп кіріп смело балл қосып алып шығады да, ал қарапайым мектеп оқушысы кірсе отырған жюридің бәрі нападать етіп, 30 минут тіпті одан да көп қинап и жылатып шығарады. И то қосса қосты қоспаса мүлдем қоспайды. Осындайды қашан қоямыз облыстық олимпиада да жюри болатындар??? Меніңше, бұл жерде “конфликт интересов” сияқты"...
 
P.S. Елімізде өтетін оқушылар арасындағы осындай олимпиадалар баланың сағын сындыру емес пе? БИЛ, НЗМ секілді мектептің оқушысымен қарапайым мектеп оқушысын бір жарысқа қатыстырудың қисынға сыймайтынын төбедегі көкелер мен олимпиаданы ұйымдастырушылар расымен білмей ме? Әлде біліп тұрып, осылай жасай ма? 
 
НЗМ, БИЛ сияқты мектептің баласының отыратын партасы мен асханадан жейтін тамағына дейін "элитный" етіп жасалып, оқушының білім алуына барлық жағдай толығымен жасалған.
 
Ал қарапайым мектептің баласының кейбірі "электронды тақтаны" көзбен көрмегенін ескерсек, басқа жағдайларын салыстырудың өзі артық емес пе?
 
Осындай олимпиада ұйымдастырудың шебері саналатын ағайлар мен апайлар, мықты болсаңыздар, НЗМ, БИЛ секілді "үздік" мектеп оқушыларын өзара жарыстырып, қарапайым мектеп оқушыларын өзара жарыстырып, білімдерін сынаңыздаршы!
 
 Қарапайым жұрт мектепте оқитын баласын "сағын сындыр" деп сіздерге тапсырмағанын ескеріп, кез келген жарысты баланың өз деңгейіне қарай өткізу қиын емесін айтқымыз келеді. Әлде "қатысты" деген белгіні соғу үшін жарысқа қатыстырылған қарапайым оқушының обалынан қорықпайсыздар ма? 
 
Дайындаған Мәриям КЕНЕСАРЫ.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар