ТикТок әлеуметтік желісінде тараған оралдық оқушының бір азу жауабы жұртты сүйсінтіп, кейбірін күлкіге бөледі деп жазады Democrat.kz.
Сен қайда оқисың деген сауалға: "Мен Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қалалық Білім басқармасына қарасты №50 жалпы білім беру мекемесінде оқимын" деген Дастанның бұл жауабына жұрт тәнті болды.
"Келесі Оқу ағарту министрі кім болатыны белгілі болды", "болашақ мемқызметкер", "бұлай білім басқармасындағылардың өзі де айта алмас", "мәссаған, қайда оқитынымды ұмытып қалдым ғой", президент бол, балақай!" Дегенге саятын пікір жазған жұртшылық Дастанға ақ батасын жаудыруда.