Әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза әлеуметтік желіде сүйінші сұрап, видео бөлісіп, жұрттан сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.
Абай Бегейдің әйелі Фариза әлеуметтік желіде аяғы ауыр екенін білдіретін УДЗ суретін күйеуіне көрсеткен видео бөлісті.
Видеода Абай Бегейдің шексіз қуанғанын көруге болады. Әйтсе де, Фаризаның бұл видеосы кейбіреулерге жақпай қалды.
"Қыздарымен, келіндерімен жарысып, ұят емес пе" дегенге саятын пікірді көптеп жазып жатқандар бар.