«Келінге жараса ма?» — Әлеуметтік желіде Әкерке Бүркітбайдың киімі қызу талқыға түсті

«Келінге жараса ма?» — Әлеуметтік желіде Әкерке Бүркітбайдың киімі қызу талқыға түсті

Соңғы күндері танымал әншілер жұбы — Али Оқапов пен Әкерке Бүркітбай әлеуметтік желі қолданушыларының назарында. Себеп — ерлі-зайыптылардың бірлесіп жариялаған бейнежазбасы.

Instagram желісінде жарық көрген бейнероликте қос ғашық қол ұстасып, жазғы күннің шуағында серуендеп бара жатады. Алайда, бейнежазбаның басты назар аудартқан тұсы – Әкерке Бүркітбайдың үстіндегі қысқа, жеңіл жазғы көйлегі болды.

Видеодағы жазба: «Мен саған сенің сезіміңді мойындаймын» деген романтикалық сипатта болса да, оқырмандардың бір бөлігі бұл сәттен махаббат емес, "моральдық мәселе" көргендей әсер қалдырды.

Көптеген желі қолданушылары Әкеркенің киіміне сын айтып, келін ретінде әдептілік пен ұяңдықты ұстануы керек деп есептейді:

«Сен келінсің ғой! Неге қысқа киім кидің? Ұят емес пе?» «Подолы ұзындау болу керек еді. Мұндай көйлек жараспайды» — деген сынды пікірлер көптеп жазылды.

Алайда бұл пікірлерге қарсы көзқарастағылар да табылды. Кейбір қолданушылар Әкеркенің киімі заман талабына сай, ал оның сырт келбеті мен өзін-өзі ұстауы — сыпайы әрі жарасымды деп есептейді.

Барлық жаңалықтар