Танымал тиктокер Наргис қыздардың пәктігіне қатысты айтамын деп жұрттың сынына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
Тиктокер "ұлымның әйелі босағадан пәк болып аттаған-аттамағаны мен үшін маңызды емес! Сондай-ақ болашақ келінім "қыз болмай келсе" аузымды ашып, бір сөз айтпаймын" деген сөзі үшін жұрттың сынының астына қалды.
"Бір сөзім үшін мені сөзбен түйреп жатқан пенделерге айтарым: Ей, бандерлогтар, иә, дәл солай, бандерлогтар маған ақыл үйретпеңдер! Бүкіл еркек емес, еркектердің ішіндегі бандерлогтар, "пәктігі жоқ қызды келін етсең, әркімнен қалған қалдықты алғаның" дейсіңдер.
Ал мен сендердің шалбарларыңның ішіндегі жарты сантиметрлік, бір күн қимылдаса, апталап жататын шошақайларыңды қалдық деп айтар едім.
Қыз пәктігінен тек екі жағдайда айырылады. Бірінші - сендер секілді сүмелек, жауапсыз еркектердің зорлауынан айырылады. Екіншіден - сендер сияқты сүмелек бандерлогтардың сусылдаған суайттығынан айырылады.
Қызды қойнына алғанша, өтіріктің әкесін танытып айтып, уәдені үйіп-төгіп бересіңдер. Істерің біткен соң, бар кінәні қызға аударып, қараларыңды батырасыңдар.
Ешбір қыз тұрмыс құрғанға дейін еркекті төсекке сүйремейді. Пәктігінен айырылған бүкіл қызды сүмелек еркектер не зорлады, не алдап, қойнына алды.
Соған қарамастан, пәк қыз туралы осы арсыз бандерлогтар сөз ететінін қайтерсің?!
Сондай бандерлогтар болмаса, ешбір қыз пәктігінен айырылмас еді. Сондықтан пәктігі жоқ қызды кінәлау - барып тұрған санасыз, ақымақтың әңгімесі дер едім. Келінім пәк болмай келсе, мен осылай түсіністікпен қараймын!" деді тиктокер.
Наргистің бұл сөздерін "өте дұрыс" деп қолдап жатқан кісі көп. Десек те, "қыздың пәк болып, босаға аттауы міндетті" дегенге саятын пікір жазып жатқан таяз түсінікті, басында шайнам миы жоқ, надандықтың төрінде отырған пенделер де жоқ емес.