"Келінмен бірге тұрмаймыз!": Қазіргі келіншектер жаңа тренд бастады

"Келінмен бірге тұрмаймыз!": Қазіргі келіншектер жаңа тренд бастады

Әлеуметтік желіде қазіргінің жас келіншектері "болашақта келінмен бірге тұрмаймыз" дейтін жаңа тренд бастады деп жазады Democrat.kz.

Мерей есімді желі қолданушы "болашақта келінмен бірге тұрмайықшы. Ұлымызды бөлек шығарып жіберейік. Өлер шағымда қарасын демейікші, зарламайықшы" деп бастама көтеріп жазба жариялады. 

Мерейдің бұл жазбасын қолдап, "өте дұрыс! Қолдаймын" дейтін пікір аз емес. Төменде сондай пікірлер жиынтығын қаз қалпында назарларыңызға ұсындық: 

"Бөлек тұрудан бұрын қашан өсіп садикке құрид деп отрм"

"Уйлендіріп өзім шет елге себастиян болып кетпеймынба?"

"Баланы өмірдің мәні етуді, вселеннаяның кіндігі етуді қояйық"

"Енді не істейді солай зарламаса? Шынымен соларға бүкіл өмірін арнады ғой. Бас көтермей бүкшиіп күйеуіне, енесіне, оның туысқандарына қызмет етті, әбден тепкісін көріп, күңнен де нашар өмір сүрді. Конечно ондай әйелдер өзінің ызасын ұлының әйелінен алғысы келеді дедовщина етіп. Байғұстарды бұл кайфынан да айырса не болады?"

"Өз күндерін өздері көріп үйренсе, шешелеріне де жақсы емес пе? Фитнес, косметолог, театр-концерт, саяхаттайсыздар. Пенсияны өздеріңізге жұмсап, немерелермен анда-санда сағынып көрісіп. Күшті емес пе? Сонда біздің қыздарымыздың да нервісі жұқармайды. Ғажап өмір болайын деп тұр емес пе сонда?! " 
 
"4 ұлым бар Аллах қаласа , үйлендіріп сразу бөлек фышт еткізиін деп отырмын , 10 жастағы баламда уже бізбен тұрғысы келмиді , мағат айттат мен қыз алып келсем бөлек үйде тұрамын диді"
 
"Келінде шаруаңыз болмасын, ақыры өлгенше тұрасыздар балаңызды тәрбиелеңіздер. Бала әйелге махаббатын төгіп, барын алып беріп асырап отырса, сіздерде жағдайын жасаңыздар, сізден күш кеткенде олда солай қарасады"
 
 
 
 
 

Сіз бұл трендке қалай қарайсыз? Келешекте келін енемен бірге тұрмайтын заман келуі мүмкін бе?

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.

 

Барлық жаңалықтар