"Кемі 3 қызбен жүріп, үшеуімен де төсектес болыңдар!" деген тиктокер еркектерге ақыл айтты

"Кемі 3 қызбен жүріп, үшеуімен де төсектес болыңдар!" деген тиктокер еркектерге ақыл айтты

ТикТокта еркектерге "ақыл-кеңес" беруші ретінде парақша ашқан Бауыржан есімді тиктокер кезекті ақылымен жұртты "шулатты" деп жазады Democrat.kz.

"Жігіттер, кемі үш қызбен қатар жүріп, үшеуімен де төсектес болыңдар! Қазіргі қыздардың әрбірінде 2-3 жігіттен және "ухажерлары" тағы бар. 

Қыздар қазір Клеопатра сияқты шалқайып отырады, екі жағында екі құлы ауа желпіп тұрады. Табанының астында тағы екі еркек жатады. 

Ал сыртта бірнешеуі кезегін күтіп, аузынан сілекейі ағып жүреді. Ал сендер шұбырып, бір қыздың артынан құл болып жүрсіңдер. Сондықтан жігіттер құл болмаймыз, кезек күтпейміз!" дейді тиктокер. 

Тиктокердің бұл жазбасын қолдап, "дұрыс" деп жатқандар да бар. Мұнан бөлек, "ақыл бергіш" тиктокерді жерден алып, жерге салып жатқандар бар. 

Барлық жаңалықтар