"Кешірім сұра!" деп жазба жариялады Құралай Нұрқаділова

"Кешірім сұра!" деп жазба жариялады Құралай Нұрқаділова

Әлеуметтік желідегі парақшасында танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова жазба жариялап, оқырманын ойлантып қойды деп жазады Democrat.kz.

"Кешірім сұра! Кезінде аямағаның үшін балаңнан кешірім сұра! Балаңды басқалардың ренжітуіне жол бергенің үшін кешірім сұра! Керекті ыңғайлы киімін кие алмағаны үшін, ұйқысы қанбағаны үшін кешірім сұра!" Деп жазған дизайнер әрбір әке мен шешенің өз баласы алдындағы міндеттерін тізбектеп, "балаңды ренжітсең, кешірім сұра! Кешірім сұрап, балаңа арнап дастарқан жайып, барлығын ашық сөйлес" деді. 

Дизайнердің бұл жазбасы оқырмандарын әрі разы етті, әрі ойға қалдырды. 

 

 

Барлық жаңалықтар