Ким Чен Ын халқынан кешірім сұрап, әлемді таңғалдырды

Ким Чен Ын халқынан кешірім сұрап, әлемді таңғалдырды

Солтүстік Кореяның мызғымас президенті Ким Чен Ын таяуда әлемді таңғалдырып, өз халқынан кешірім сұрады деп жазады Democrat.kz.

Ким Чен Ын мұндай қадамға парламенттік сайлаудан кейін барған. Ол сайлауда  99,93% дауыс үшін халықтан кешірім сұраған. 

Оңтүстік Корея барлау қызметінің хабарлауынша, Ким Чен Ын сайлау нәтижесінің «мінсіз болмағанына» өкініш білдірген. Саясаткер өз көрсеткішінің 100% болмай, 99,93% болып қалғанына көңілі толмайтынын айтты

 «Ол абсолютті нәтижеге небәрі 0,07% жетпей қалғанына қатты қапалы», — дейді дереккөздер.

Десек те, Ким Чен Ын өз үндеуінде қарсы дауыс берген сол 0,07% сайлаушының ешқандай қысымға ұшырамайтынына сендіруде. 

Барлық жаңалықтар