2026 жылдың басынан бастап жеке тұлғалардың мобильді аударымдарына арналған салық бақылауының жаңа ережелері күшіне енеді, деп жазады Democrat.kz. BAQ.KZ ке сілтеме жасап.
Енді аударымдар келесі критерийлер бойынша тексеріледі:
- Бір адамға үш ай қатарынан (қаңтар, ақпан, наурыз) 100-ден астам әртүрлі жіберушіден ақша түссе;
- Жалпы аударылған ақша сомасы 1 млн теңгеден асса.
Егер осы екі шарт бір мезгілде орындалса, салық органдары тексеріс жүргізе алады. Екінші деңгейдегі банктер тиісті ақпаратты салық органдарына тапсыруы міндетті.