"Кінә мұғалімде емес!"деген көпбалалы әке жұртқа үндеу жасады

"Кінә мұғалімде емес!"деген көпбалалы әке жұртқа үндеу жасады

"Аза әпенді" деген атпен жұртқа танымал блогер бала өсіріп отырған ата-аналарға үндеу жасап, мұғалімді кінәлауды қою керегін айтты деп жазады Democrat.kz.

Блогер өзінің парақшасында қит етсе, бәріне мұғалімді кінәлай жөнелетін  ата-аналарға: "Баланың білімі мен тәрбиесіне мұғалім жауапты, егер баланың білімі мен тәрбиесі дұрыс болмаса, мұғалім кінәлі дегенді қояйық. 

Алты баланың әкесі ретінде айтайын, қазіргі балаға сабақ оқыту өте қиын. Балалар телефонға жабысып алған. Айқайлап, бақырып отырып үйде сабақты әрең оқытамыз. 

Отыз балаға бір мұғалім қалай толық білім берсін? Сондықтан баланы ата-аналар өзіміз үйде қадағалауымыз керек. 

Жалпы, оқитын бала ештеңеге қарамай, оқиды. Оқымайтын баланы қанша қинасаң да, оқымайды. 

Максим Горькийдің әжесі шамды өшіріп қойса, айдың жарығымен кітап оқығанын ескерсек, біздің де балаларымыз егер қаласа, ешқандай сылтаусыз оқиды. 

Кез келген нәрсеге мұғалімді кінәлауды қояйық. Мұғалім де етпен сүйектен жаралған. Оның да өз балалары, отбасы бар. Ол да шаршайды"деген блогер баланың білімі мен тәрбиесіне тікелей ата-анасы жауапты екенін шегелеп айтты. 

Барлық жаңалықтар