К.Мәсімовтің үйіндегі төсектің құпиясы: Ібілістер жайлаған мекен бе?

К.Мәсімовтің үйіндегі төсектің құпиясы: Ібілістер жайлаған мекен бе?

Қазақстан билігі КНБ-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі Астанадағы зәулім вилланы әлі күнге дейін сата алмай отыр, деп хабарлайды Ertenmedia Bloomberg-ке сілтеп.

Басылым журналистері Кәрім Қажымқанұлының зәулім үйі не себепті өтпей тұрғанын зерттеген екен. Жалпы ауданы 2878 шаршы метрлік вилланың бағасы бастапқы құнынан 40 пайызға төмендеген. 

Соған қарамастан, үйге "құда түсушілер" жоқтың қасы. Басылымның дерегінше, аталған виллада диско-бар, джакузи, бассейн, жеке театр және 30 бөлме бар. 

Бір қызығы, жатын бөлмелердің біріндегі төсектің өзі бірден төрт адамға арналған екен. Сарапшылар үйдің өтпей тұруын осы төсекпен байланыстырып отыр... 

Осы ақпаратқа қатысты журналист Сәуле Әбілдахан: 

"Елімізді 30 жыл бойы нән, мәсі т.с.с. педофилдер мен жезөкшелер басқарыпты... сонда 4 адамдық төсекте неше адаммен жатқан бұл малғұн?..

Групповухамен айналысып жүріп жұмыс істеуге шамасы келмей, тек парамен семірген екен, ібіліс... Қазақстанда лгбт деген ібілістерге жол ашып берген осылар ғой... билікте ондайлар көп дегенді жиі естиміз....
 

2878 шаршы метр виллаға басы сыймаған тойымсыз өлгенде 2 метр жерге сыя ма? Андағы көрдей көзі топыраққа да тоймас жалмауыздың...

Бұл вилланы 100 шаршы метрден бөліп-бөліп, көп балалы аналарға беріңдер... 30 көпбалалы отбасы үйлі болады... ең дұрыс шешімі сол... немесе балалар үйінен шыққан жетімдерге беріңдер... солардың несібесін тонап салған вилла соларға тиесілі.... анау төсегін айдалаға апарып өртеңдер... өзімен кетсін..."деп жазды

Барлық жаңалықтар