"Көкем зорлады" деген жігіт туралы масқара ақпарат шықты

"Көкем зорлады" деген жігіт туралы масқара ақпарат шықты

"Көкем кішкентай кезімде зорлады" деп бүкіл әлеуметтік желіні шулатқан Нұрғали Нұғманның айтқандары өтірік болуы мүмкін деп жазады Democrat. kz. 

Еске сала кетейік, актер Нұрғали Нұғман кеше әлеуметтік желідегі парақшасында басынан өткен сұмдық жағдай туралы айтып, видео жариялағанын жазғанбыз. 

Нұрғалидың видеосын көргендер оған жаны ашып, қалай көмек беру жолдарын да қарастырып бастаған. 

Әйтсе де, бүгін актердің бір жазбасы көпшіліктің ренішін оятты. 

Ол кез келген тақырыппен қоғамды шулатып, резонанс жасап бере алатынын жазған.

Осыны көргендер бұл жігіт атын шығару үшін әлгіндей видео жасаған болуы мүмкін деп отыр. 

Егер Нұрғали Нұғман "көкем зорлады" деген видеосын хайп үшін жариялаған болса, заң алдында жауап берсін дегендер көбеюде. 

Барлық жаңалықтар