"Көктем жаңа махаббатымен келді" деген Ақбота құпияға толы жазба жариялады

"Көктем жаңа махаббатымен келді" деген Ақбота құпияға толы жазба жариялады

Белгілі әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында "Алғыс айту" күніне арнап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Көзді ашып-жұмғанша сағынған тағы бір көктем келіп үлгерді. Жәй келген жоқ, мейірін, махаббатын, алғысын ала келді.

Бұл күндері жақсы адамдардың жаны нұрланады деп ойлаймын, себебі, оларға алғыс көп айтылады ғой!..

Мен де алғыс арнағым келеді, әуелі - Аллама, ата-анама, ағайын-туыс, дос-жаранға, отбасыма, онан соң, әрине, өздеріңізге, жүректі, талғамды тыңдарманым! Қанша жыл бойы әнімді тыңдап, өнеріме қошемет көрсетіп, мерейімді асырып келесіздер. Мен сіздерді жақсы көремін🤍

Өздеріңіз сүйіп тыңдаған “Көктемгі сағыныш” әнді қабыл алғайсыздар"деп жазды әнші. 

Барлық жаңалықтар