Көлігін беріп, футболға билет алған жанкүйер өкінішін жеткізді

Көлігін беріп, футболға билет алған жанкүйер өкінішін жеткізді

Алматылық "Қайраттың" жанкүйері көлігін билетке айырбастағанын айтты, деп жазады Democrat.kz.

Жанкүйердің айтуынша, билет құны 1 миллион болған. 

"Билет алып үлгермедім. Артынан басқалардан сатып алуға тура келді. Билет үшін 1 миллион теңге сұрады. Ондай ақшам болмағандықтан көлігімді айырбастайын дедім. BMW машинамды беріп орнына билет алдым. Өкініш бар, ішім ашып тұр", - деді ол. 

Желі қолданушылары Жанкүйердің бұл әрекетін сынап түрлі пікір жазды. 

"Қате ғой", "Топас", "Обалың жоқ", "Футбол түсінбейтіндер осындай болады", деп жарыса пікір жазды. 

Барлық жаңалықтар