"Көліктер нөміріне қарай жүргізіледі": Министр жаңа ереже ұсынды

"Көліктер нөміріне қарай жүргізіледі": Министр жаңа ереже ұсынды

Бүгін Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Алматының ауасын тазартып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға болатын бірнеше әдіс-тәсілді айтты, деп жазады Democrat.kz. сайты Azattyq Rýhy.на сілтеме жасап.

Бұндай әдіс-тәсілдерді зерттеу үшін Нысанбаев министрліктің бір топ қызметкерін, экология саласындағы мамандарды Қытайға жіберген екен.

«Өздеріңіз білесіздер, Қытай соңғы 10-15 жылда елдегі қалалардың экологиялық жағдайын жақсартатын біраз маңызды нәтижелерге қол жеткізді. Әрине, оның ішінде көлік пен өндірісті газға ауыстыруға қатысты шара маңызды рөл атқарды. Көліктерді кезең-кезеңімен газдандырды және электр қуатымен жүретін көліктерді көбейтті. Және де көліктерді жұп және тақ күндері қозғалысқа шығару тәжірибесін енгізді», - дейді Нысанбаев.

Министр қаланың, яғни, Алматының қоршаған ортасын жақсарту үшін Алматыда да дәл осындай шараларды қолға алу керек дейді. Әрине, министр атап өткендей, ең алдымен қаладағы ірі өндіріс орындарын газдандыру керек. Және көлік санына байланысты Қытайдың жұп және тақ күндерге қатысты жаңашылдығын Алматыға да енгізуге болады дейді. 

«Қазір Алматыда 748 мың көлік тіркелген. Олардан басқа, күнде қалаға тағы 400 мың көлік кіреді екен. Сондықтан, мен атап өткен шараларды кешенді түрде қолданысқа енгізсек, экологиялық жағдайды жақсартуға болады», - деді министр.

Барлық жаңалықтар