"Комиссия келе жатыр": Мектептерді "тосыннан тексеру" басталады

"Комиссия келе жатыр": Мектептерді "тосыннан тексеру" басталады

Ақпан айында еліміздегі мектептерді "тосыннан тексеру" қағидаты бойынша тиісті комиссия аралайды деп жазады Democrat.kz.

Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің тапсырмасына сәйкес, 1 ақпаннан бастап барлық білім беру ұйымдарына «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізілді.

Бұл балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты. Осыған орай Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Мәдениет, Еңбек және әлеуметтік қорғау, Туризм және Ішкі істер министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ерекше бақылау мен қадағалауға жататын нысандар тізілімін дайындады.

Елімізде 8 мыңнан астам мектеп бар. Оларда 4,1 млн-нан астам оқушы білім алады. 2025/2026 оқу жылында 363 461 жеткіншек алғаш рет білім ордасы табалдырығын аттады.

Барлық жаңалықтар