Әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жеке өміріне қатысты ашық жазба жариялап, күйеуінің көзіне шөп салғанын мәлімдеді, деп жазады Democrat.kz.
Назираның сөзінше, өзін құрметтейтін, шекарасын білетін және неке адалдығын басты құндылық санайтын әйел опасыздықты кешірмеуі керек.
«Өз құнын білетін, өзін бағалайтын, шекарасы анық, отбасы мен неке адалдығын бақытының өзегі деп қарайтын әйелдер опасыздықты кешірмейді», – деп жазды ол.
Ол мұндай жағдайда жастың да, бірге өткізген жылдардың да шешуші мәні жоқ екенін айтты.
«Олар 60, 70, 80 жаста болса да неке адалдығын бұзған адаммен бір шаңырақта тұрмайды. Өмірінің соңғы күні болса да, өзін қор қылуға жол бермейді», – деді Назира Байырбекова.
Жазбасын ол күйеуіне бағытталған өткір сөзбен аяқтаған.
«Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!» – деп жазды ол.
Бұл жазбаға Жазира Байырбекова да реакция білдіріп, сіңлісінің жазбасын өз парақшасында бөлісті.
Осыдан кейін отбасы мәселесі желіде қызу талқыланып, қолданушылардың бір бөлігі Назираның шешімін қолдаса, енді бір бөлігі мұндай жеке мәселені көпшілік алдына шығармау керек деген пікір білдірді.