"Көңілдестің басты қаруы..."туралы айтқан психолог әйелдерге ескерту жасады

"Көңілдестің басты қаруы..."туралы айтқан психолог әйелдерге ескерту жасады

Психолог Алтынай еркектердің не себепті көңілдеске кететінін айтып, әйелдерге ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

Төменде психологтың жазбасын өзгертусіз, сол қалпында назарларыңызға ұсынып отырмыз. 

"Себебі любовница отбасынан,жұмысынан шаршап жүрген еркекке уют сезімін береді,оған жағатын сөздер айтады,ер адам қандай да бір әңгімесін айтып жатса сөзін бөлмей сіздікі дұрыс жаным деп жымиып,ер адамның әр жасаған кішкентай болса да ісіне тамсанады,мақтаулар айтады (төсектеде сен нағыз арыстансың деп одан сайын басын айналдырады), еркек любовницасының қасында өзін нағыз супер герой сезінеді.

Ал,бұл сезім ер адамдар үшін өте маңызды. Себебі кез-келген ер адам өзін нағыз герой сезінгісі келеді. Және любовницаның мықты қаруы ол тек ер адамға жағатын,ұнайтын дүниелерді жасайды,аяғынан бастап барлық денесін сыйпалап массаж жасап ахулетіп-ухілетіп барлық жағынан шаршауын басқызады.

Сол үшінде ер адам әйелінің күнделікті быт туралы әңгімесінен миының тыныштығын қалап,өзін нағыз хандай көріп,сыйлайтын любовницасын аңсап жылдар бойы одан бастарта алмай жатады.

Еркек шын мәнінде ЛЮБОВНИЦАНЫ жақсы көрмейді, ол тек сол әйелдің қасындағы өзінің рахат сезімін алатын состояниесін жақсы көреді.

Бұл үштікте ең қатты қиналатын жан ол- любовница. Любовница энергия беретін донор іспеттес. Любовница - өзінің махаббаттын,вниманиесін,энергиясын мүлдем бөтен бір отбасыға беріп қоректендіреді де,ал өзі түптің түбінде дымсыз қалады.

Әйелін тастап,мені алады деген иллюзиямен өмір сүруді қойған дұрыс,бұндай жағдайлар өмірде өте сирек болады. Көбіне любовница ол уақытша ермек болып қалады" дейді психолог.

Барлық жаңалықтар