"Көңілім босап кетті" деген Төрештің қарындасы жан сырымен бөлісті

"Көңілім босап кетті" деген Төрештің қарындасы жан сырымен бөлісті

Әлеуметтік желідегі парақшасында әнші Төреғалидың қарындасы Фариза бір жазба жариялап, оқырманын ойға салып қойды деп жазады Democrat.kz.

"Бақыт деген.. осы бір сәттер. Өмірдің өзі тек сәттерден тұрады. Әсіресе жаныңа жақын жандармен өткізген уақыт - мәңгі жүрегіңде қалады. Сондай жылы. Көңілің тоқ. Анашыма қарасам терезеге қарап отыр екен бір кезде. Бұрылып жүгіріп ойнап жүрген немерелеріне қарап қояды. “Үш балам жанымда, үш баламның балапандары ойнап жүр, нағыз бақыт осы ғой, міне” дейді. Жүрегім жылып, көңілім босап кетті. Рас, бас қосқан сәттер - шын бақыт. Бағалау керек, қуана алу керек. Бауырларым аман жүрсе, тек бақытты болса, қадамдары оң болса, жолдары тек ашық болса деп тілеймін. Қатты жақсы көремін, естелік болып қалсын жылы суреттер" деген Фариза Төреәлі естелік суреттерімен бөлісті. Фото интернеттен.
 
Барлық жаңалықтар