Роза Рымбаеваның тұңғышы сахнада тұрып көз жасына ерік берді, деп жазады Democrat.kz.
Роза Рымбаева Дильназ Ахмадиеваның Астанада өткен концертінде кеш иесімен селбесе ән шырқады. «Атамекен» әнін шырқауда әншінің ұлы Әли Оқапов та оркестор құрамында өнер көрсетті.
Алайда, әннің әсері ме, әлде баланың анаға деген махаббаты ма, сахнада тұрған Әли ағыл-тегіл жылай жөнелді.
Тарихи ән жүректерді тербесе керек, желідегі көрермендер арасында да көңілі босағандар аз болмады.
«Менде Роза осы әнді айтса, көңілім босайды. Шіркін, Роза! Розамен бірге жасасып келе жатырмыз. Аман бол!», «Өзіміз де жылап қалдық қой. Тыныштығымызды, атамекенімізді сақтап, бәле жоқ жерден бәле іздемей, тыныштығымызды бағалайықшы», «Керемет дауыс, мен де осы өлеңді естісем, жас келеді» деп жазды желідегі жұрт.