«Конституцияда адам құқықтарының кепілдіктері едәуір кеңейтілді»: - Әділет министрлігі

«Конституцияда адам құқықтарының кепілдіктері едәуір кеңейтілді»: - Әділет министрлігі

Министрдің айтуынша, бүгіннен бастап жаңа Конституцияның ережелері еліміздің құқықтық жүйесінің, мемлекеттік билік институттарының қызметі мен ұзақ мерзімді қоғамдық дамудың негізгі іргетасына айналады деп жазады Democrat.kz. сайты kaz.inform.kz.-ке сілтеме жасап.

Жаңа Конституциямен бекітілген Әділетті Қазақстан идеясының өзегінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары орналасқан.

— Адамға бағдарланған қағидатқа сәйкес, Конституцияда адам құқықтарының кепілдіктері едәуір кеңейтілді. Алғаш рет Негізгі Заң деңгейінде азаматтардың жағдайын нашарлататын заңдарға кері күш беруге тікелей тыйым салынды. Бұл құқықтық айқындықты күшейтіп, қоғамның заңдарға деген сенімін арттырады, — деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Қоғамның цифрлық даму жағдайында адамның дербес деректерін қорғау конституциялық деңгейде бекітілді. Сондай-ақ әр азаматқа мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтетіп алу құқығы конституцияда айқын көрсетілді.

— Осындай және өзге де ережелер адам құқықтарын қорғаудың кепілдіктерін күшейтіп қана қоймай, заңнаманың тиісті салаларын одан әрі жетілдіруді талап етеді, — деді Е. Сәрсенбаев.



Барлық жаңалықтар