"Көп әйел алған мен насихаттағанды жауапқа тарту керек" деген депутатқа дүмшелер сөзбен "шабуыл жасауда"

"Көп әйел алған мен насихаттағанды жауапқа тарту керек" деген депутатқа дүмшелер сөзбен "шабуыл жасауда"

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қоғамдағы көп әйел алу мәселесіне және ондайды насихаттағандарға  заңмен тыйым салу керегін айтты деп хабарлайды Democrat.kz.

"Бізде Заңға қатаң жауапкершілік еңгізу керек - 2-ші, 3-ші , 4- ші әйел алуды насихаттағандарға.
Зайырлы мемлекетпіз деп жаңа Конституцияда тағы да нақты “шегелеп” қойдық.

Және отбасы - “бір ер адам, бір әйел адамның, еркін басқосуы”. Мемлекет қана тіркейді. Мемлекет дәл осындай отбасын қорғайды.

Әр әйелдің , бірнеше отбасында туған балалардың құқығы бұзылмау керек.

Сондай жағдай болды ма - насихаттама.
Ондай жағдай қалыптасқанның өзінде - дін өкілдері неке қиып “заңдастыруға” құқығы жоқ", дейді Мұрат Әбенов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Бір қызығы, депутатты қолдаушылардан гөрі, қарсы шығып, байбалам салып жатқандар көп. 

"Шариғатты өзгертуге болмайды", "онда сауналар мен қонақүйлерде зина көбейеді", "мектептің қыздары содан бұзылуда", "Құнанбайға да айыппұл салатын ба едіңдер", "аталарымыз көп әйел алған", "Алланың үкіміне қарсы шықпа" дегенге саятын пікір жазып, депутатқа "дінмен алыспа" деп күркіреп отырғандар да бар. 

Барлық жаңалықтар