"Көп әйел алуды" жарнамалаған блогер заңды жауапқа тартылды

"Көп әйел алуды" жарнамалаған блогер заңды жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде көп әйел алуды насихаттап, онысын ерекше өмір секілді сипаттаған блогер заңды жауапқа тартылды деп хабарлайды Democrat.kz.

Еске салып өтейік, блогер үш әйелі барын айтып, онысын керемет өмір ретінде жарнамалап, әлеуметтік желіде бірнеше рет жазба, фотолар жариялаған болатын.

Полицияның мәліметінше, заң бұзушылық әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталған. Тексеру нәтижесінде ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Оған 20 айлық есептік көрсеткіш (86 500 теңге) көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Тәртіп сақшылары жүргізген профилактикалық әңгімеден кейін азамат көп әйел алуды насихаттаған жарияланымдарын өз еркімен өшірген.

Барлық жаңалықтар