"Көпбалалымыз, мектепке форма әпер": Шымкенттік әйелдер әкімдікті бастарына көтеріп, шу шығарды

"Көпбалалымыз, мектепке форма әпер": Шымкенттік әйелдер әкімдікті бастарына көтеріп, шу шығарды

Әлеуметтік желіде көпбалалы шымкенттік әйелдердің наразылық жасап, шуылдап жатқан видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.

Видеода айғайға басқан әйелдердің сөзінен түсінгеніміз, көпбалалы әйелдер "баланың мектеп формасын алуға берілетін көмек" ақшасын ала алмай қалған сияқты. 

"Мұқтаждарға беріңіздер! Бұларға приказ келген. Шымкентте мұқтаждар санаты көбейіп кеткен, сол үшін бұларға приказ келген, бізді түсіру керек деген. Астанада ЭКСПО салғанда, бичтерді сыртқа шығарып тастап еді ғой, сол сияқты бізді де тізімнен шығарып тастаған", - деген көпбалалы әйелдер наразылығын жеткізді. 

"Оқушыға киімге ақша" алуға 71 мың өтінім түскен, соның 7900-ы мақұлданған, осыған қатысты түсінік бермекке ұмтылған әкімдік қызметкерін шуылдаған әйелдер тыңдамады. 

Әлеуметтік желіде шымкенттік әйелдердің шуласқан бұл видеосына қатысты түрлі пікірлер жазылуда. "Үкімет көп баласы барларға көмек беруі керек", "мектеп формасын алуға ақша беруі керек", "еліміз бай, демографияны дамытып жатқан осындай отбасыларға ай сайын ақша беру керек" деп пікір жазушылар аз емес. 

Керісінше, "баланы үкімет үшін тумадыңдар", "жағдайы нашар, мұқтаж кісіге ұқсамайды түрлері. Шаштарына жасатқан мелированиенің құны кем дегенде 60-70 мың теңге ғой", "осылардыкі міндет, туса, өзі үшін тумай ма баланы", "жылда бала тауып, үкіметке алақан жайып әдеттенген жақсы емес" деп реніш білдіріп жатқандар да бар. 

Барлық жаңалықтар