Инстаграм парақшасында продюсер Гүлзира Айдарбекқызы халыққа үндеу жасап, ренішін жеткізді деп жазады Democrat.kz.
Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желі парақшаларын ақтарып отырып, өзінің немересі Алауға қатысты жұрттың жаман пікір жазғанына реніш білдірді.
"Кіп-кішкентай қызға "аяғы қысқа, қисық" анау-мынау деп сонша сөз жазыпты. Сол пікірлерді үп-үлкен адамдар жазған. Не болса соны оттап жаза берген. Не болды, сонша? Кішкентай қыздың сағын сындырып" деген Гүлзира ханым "көрсетем енді, Гүлзира ханымның немересі қандай екенін, надо будет подиумға шығады" деді.