"...көзіме жас үйіретін сәт" деген әнші Мейрамбектің әйелі жазба жариялады

"...көзіме жас үйіретін сәт" деген әнші Мейрамбектің әйелі жазба жариялады

Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі Мархабат әлеуметтік желіде жазба жариялап, жұртқа алғыс білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Қымбатты достарым, қадірлі оқырмандарым!
Кеше біз үшін – ең бақытты күндердің бірі болды. Өйткені біздің кішкентай қызымыз, көзіміздің қуанышы – Айзия 1 жасқа толды. Кеше оның тұсаукесер тойын өткіздік.

Шыны керек, уақыттың қалай тез өткенін байқамай да қалыппыз. Кеше ғана кішкентай бөпемді қолыма алып, алғашқы рет иіскеген едім. Ал бүгін – тәй-тәй басып, тұсауы кесіліп отыр. Бұл – мен үшін көзіме жас үйіретін, жүрегімді толқытатын ерекше сәт.

Осы қуанышты күні бізбен бірге болып, қуанышымызды бөліскен барша қонақтарға шын жүректен алғысымызды айтамыз. Сіздердің ыстық ықыластарыңыз, жылы сөздеріңіз – біз үшін үлкен қуат.

Ал тойға келе алмаған, бірақ жүрегімен бізбен бірге болған әр жанашырларыма да рақмет айтқым келеді. Осы бейнені көріп отырған әрқайсыңыз біздің қуанышымызды сезініңіздер, дәл қасымызда отырғандай болыңыздар.

Мен үшін ең үлкен бақыт – қызымның әр қадамын, әрбір жетістігін жүрегіммен сезіну, соны сіздермен бөлісу. Айзиямыздың әр күні шуақты, әр қадамы берекелі болсын деп тілеймін.

Алғысым шексіз! Сол күнгі қуанышымыз сіздердің де жүректеріңізге жетсін!"деп жазды Мархабат Бесбаева.

Барлық жаңалықтар