Әнші Айқын Төлепберген үлкен ұлы Аңсарды ел алдына шығарып, таныстырып, оның алдағы жоспарлары туралы видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
Айқын Төлепбергеннің айтуынша, ұлы Аңсар кішкентайынан футболға барып, жүйелі түрде жаттығып жүрген көрінеді.
"Балам кішкентайынан Тамостың футболшыларымен бірге жүріп, жаттықты. Кейін өскен соң, "папа, мен футболшы болғым келеді" деді.
Біз оны "Хантәңірі" деген керемет клубқа алып келдік. Қазір тұрақты түрде футболмен айналысады. Арманы Қазақстан құрамасының ішінде ойнау", деген Айқын Төлепберген баласының бойындағы басқа да қасиеттерін атап өтті.
Әйтсе де, әншінің оқырмандары оның баласының футболшы болғанына емес, баласының көзіндегі мұңға қатты назар салған сияқты.
"Баласының көзінде мұң бар", "реніші бар сияқты", "балаға да оңай емес", "қиын ғой" дегенге саятын пікірлер жазған жұрт іштей әншіні кінәлағандай.