Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың кіші ұлы Райымбек өзінің арманын айтып, әлеуметтік желідегі жұрттың жүрегін елжіретті деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде әзілкештің қызы Айым Тұрсынбекқызы бауыры Райымбекпен жасалған видеоны бөлісті. Видеода Айым: "Райымбек, сенің басты арманың қандай?" деп сұрайды.
"Тікұшақпен ұшу, Мальдив аралында демалу. Ладусты көргім келеді. Оны теледидарда көрдім. Қазір жердегі құмда жатып, энергия алып жатырмын. Мұны маған мамам, Айым айтты. Күнге күйіп, қарайғым келеді", дейді Райымбек Тұрсынбекұлы.
Айым Тұрсынбектің парақшасында бөліскен бұл видеоға қатысты жұрттың көбі "неге қазақша сөйлемей, орысша сөйлеп жатыр" болды.
Ал оқырманның келесі бір бөлігі "әкесі туралы ештеңе айтпады", "бәрінен де осы кішкентай балаға ауыр болды", "Райымбекті көрсем, жүрегім елжіреп кетеді", "көзінде мұң бар" дегенге саятын пікірлер жазуда.