Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремльдің Иранға болыса алмайтынын ашық мойындады деп жазады Democrat.kz. сайты Ertenmedia.kz. -ке сілтеме жасап.
«Теғран? Қазір болып жатқан соғыс біздің соғыс емес. Біз тек өзімізді ойлап, өз мүддемізге сай әрекет етуіміз керек», – деді ол.
Песковтің сөзіне қарағанда, Мәскеудің Иранды қолдап, қақтығысты тоқтата қоятындай мүмкіндігі жоқ көрінеді.
«Біз соғысты тоқтата аламыз ба? Жоқ, оған қауқарымыз жетпейді. Сондықтан өз пайдамызды ғана ойлаймыз. Бұл цинизм сияқты естілуі мүмкін, бірақ жағдай осындай», – деді ауыр күрсінген Кремль өкілі.
Айта кетейік, Ресей мен Иран арасында стратегиялық әріптестік туралы келісім бар. Ал желідегі қауым «Мәскеу Тегеранды тақырға отырғызып кетті» деп жазып жатыр.
Соңғы күндері Таяу Шығыстағы жағдай ушығып, АҚШ пен Израиль Иранға қарсы жаппай әскери соққы жасап жатқаны белгілі.
Осындай қиын-қыстау тұста Теғраннан теріс айналған Кремль осы арқылы Ресей-Иран қарым-қатынасының болашағына нүкте қойғандай.