Кристиан Гроссе: "Қазақстандағы сайлау - инвестицияға да оң әсер етеді"

Кристиан Гроссе: "Қазақстандағы сайлау - инвестицияға да оң әсер етеді"

Қазақстанның бірпалаталы Құрылтайға көшуі елдің инвестициялық тартымдылығына әсер етуі мүмкін. Германиялық сарапшы Кристиан Гроссе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы үндеуінен кейін осындай пікір білдірді, деп жазады Democrat.kz.

21 тамызда Президент Құрылтай сайлауы қарсаңында Қазақстан халқына үндеу жасап, жаңа заң шығарушы орган елдегі реформалардың келесі кезеңіне жол ашатынын айтты.

Мемлекет басшысы жаңа Құрылтайдан елді жаңғыртудың жоғары қарқынын қамтамасыз ететін кәсіби әрі тиімді жұмыс күтетінін жеткізді.

Осы мәлімдемеге Германияда орналасқан Open International Dialogue халықаралық платформасының негізін қалаушы және президенті Кристиан Гроссе экономикалық тұрғыдан баға берді. Оның бұл ұйымдағы қызметін Open International Dialogue-тың ресми сайты да растайды.

Гроссенің пікірінше, бірпалаталы жүйенің басты артықшылықтарының бірі – заң қабылдаудың бірнеше сатылы рәсімін қысқарту мүмкіндігі.

Бұрын заң Мәжіліс пен Сенат арқылы өтсе, енді негізгі заң шығару процесі бір Құрылтайдың ішінде жүреді.

Сарапшы мұның әсіресе экономикаға қатысты шешімдерді жедел қабылдауға мүмкіндік беруі мүмкін екенін айтады. Себебі бизнес үшін инвестиция, салық, кәсіпкерлік пен реттеу саласындағы заңдардың уақытында қабылдануы маңызды.

Гроссенің пайымынша, халықаралық бизнес қандай да бір мемлекетке қаржы салмас бұрын бірнеше нәрсеге қарайды: заңдар түсінікті ме, мемлекеттік шешімдер болжамды ма, бюрократиялық кедергілер қаншалықты көп және ойын ережелері ұзақ мерзімге тұрақты ма.

Сондықтан Құрылтай реформасы инвестицияға оң әсер етуі үшін заң шығару жылдамдығы құқықтық тұрақтылықпен қатар жүруі керек.

Гроссе тағы бір факторды – қоғамдық сенімді атады.

Оның пікірінше, азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы институттардың легитимділігін күшейтеді. 

Барлық жаңалықтар