Атырау облысындағы 4 адамды аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемалиевтің сот процесіндегі ұстанымы жұрттың жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Ол қылмысын жасырмай, қайын жұртын қалай қырып салғанын, тіпті қайын әпкесіне 32 рет пышақ ұрғанын тізбелеп айтып берген еді.
Кезекті бір сот отырысында күдікті Сәрсемәлиевтің көзқарасы ерекше назарға ілініп, жұрттың секемін тудырған.
Желіде тараған видеоға пікір білдірушідер жаппай таңданыс пен қорқыныштарын жазуда. «Секем алып қалдым, недеген қорқынышты», «Көздері қанға толып тұр», «Қасқырдың қарасы», «Көзінде өкініш жоқ» деп, жарыса пікір қалдыруда.