Күйеуі бауыздап өлтірген актрисаның ағасы жарыққа шықты

Күйеуі бауыздап өлтірген актрисаның ағасы жарыққа шықты

Осыдан он жыл бұын Мүсірепов театрының грим бөлмесінен табылған Мұхитдин Шынтаев пен Гаухар Шәріпованың өлі денесіне қатысты оқиға дүйім жұртты дүр сілкіндірген болатын, деп жазады Democrat.kz.

Осы оқиғаға қатысты марқұм Гаухар Шәріпованың ағасы сөз қозғады. 
Ол қарындасының зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын айтты.  
«Қарындасым осыдан он жыл бұрын Мүсірепов театрында жұмыс жасаған болатын. Күйеубалам Мұхит сәл қызғаншақ еді. Соның салдарынан үйде күнде ұрыс болатын. Қарындасымды көкала етіп ұрып тастайтын. Маған көрсетпейтін. Бірақ өзім сезгендіктен бірнеше мәрте сөйлескен едім. Бірақ екеуі де жасыратын. Қарындасым «ұят нәрсе» дегенге сүйеніп, жылдар бойы таяқ жеп жүретін», – деді ол болған оқиғаның жай-жапсарын жасырмай.

(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар