"Күйеуім ауру баласынан бас тартты" деген келіншек сұмдық жағдайын айтты

"Күйеуім ауру баласынан бас тартты" деген келіншек сұмдық жағдайын айтты

Айдан Уәлиханды әлеуметтік желідегілер науқас қызы үшін шырылдап жүрген ана ретінде жақсы таниды. Айдан тек науқас қызының денсаулығы үшін емес, дәл қазір өзі үшін де күресіп жатыр деп жазады Democrat.kz.

Дүниеге әкелген қызы тумысынан ауыр дертке шалдыққан Айдан Уәлиханова сәбиін емдетіп, аяққа тұрғызамын деп шапқылап, шырылдап жүр. 

Бірақ ең сорақысы, қиын сәтте қолдау көрсетуге тиіс күйеуі "маған ауру қыз керек емес, сау бала туатын әйелге үйленемін" деген. 

Бұл аздай, күйеуінің шешесі "ауру баланың көзін құрт та, шашылып жатқан үйді жинап, келіндік міндетіңді атқар" десе, ал қайынсіңлісі аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып "сен келінсің! Атаң мен енеңнің жағдайын жасап, келіндік міндетіңді атқар! Ешкімің жоқ жетімсің, кімге керексің?!"деп ақырып отыр. 

Мұны не үшін жазып отырмыз? Біз осындай сұмырай қоғамға айналдық. Келін деген біз үшін кәдімгі құл. Науқас бала туса да, әйел кінәлі. Әйелге бүкіл тауқыметті артқан қоғамбыз. 

Өтірік көлгірсімей, шындыққа тура қарайықшы, дәл Айдан келіншектің жағдайын күнде көріп жүрміз, бірақ біз үшін бұл көрініс қалыпты жағдайға айналып кеткелі қашан...

Барлық жаңалықтар