"Күйеуім "шеш!" деп бұйырды" деген Баян Алагөзова ағынан жарылды

"Күйеуім "шеш!" деп бұйырды" деген Баян Алагөзова ағынан жарылды

Танымал продюсер Баян Алагөзова кезекті бір сұхбатында күйеуі Тұрсын Алагөзовтің ерекше қасиеттеріне тоқталып, бастарынан өткені қызық оқиғаны айтып берді деп жазады Democrat.kz.

Баян Алагөзова күйеуінің шектен тыс жомарт, қолы ашық екенін айтып: "Тұрсын қолында не бар болса, соны сұраған адамға ойланбай бере салады. Қаншама сағатын "әдемі екен" деп қызыққан кісіге шешіп беріп кеткен.

Таяуда ұшақта қызық оқиға болды. Стюардесса менің үстімдегі күртешеге қызығып, "қайдан алдыңыз, әдемі екен" деді. 

Жанымда отырған күйеуім "күртешеңді шешіп, қызға бер, шеш, шеш" деп...Мен ондай емеспін. Бергім келмесе, бермеймін. Осылайша күртешемді бермей қойдым", деп күлген ол күйеуі өзінің заттарын ғана емес, әйелінің заттарын да бергізе салатынын айтты. 

Барлық жаңалықтар