"Күйеуімнің екінші әйелімен сыйлас құрбымыз" деген журналистің жазбасы жұртты таңғалдырды

"Күйеуімнің екінші әйелімен сыйлас құрбымыз" деген журналистің жазбасы жұртты таңғалдырды
Танымал журналист Сандуғаш Дүйсенова отбасылық құпиясы туралы жазба жариялап, жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.
 
"Бірінші күйеуім Ғабит ең жақсы, ерекше азамат. Иә, менің бұрынғы күйеуім. Алайда басқа әйелге үйленгенімен біздің отағасы болып қалды.
 
Ішпейді, шекпейді, жұмыс істейді, әркез көмектеседі. Алтын азамат. 
Ал оның екінші әйелі Анараны ерекше құрметтеп, сыйлаймын. Арамызда ешқашан ұрыс, реніш, қызғаныш болған емес. 
 
Керісінше, әр уақытта бір бірімізге қолдау жасап, өте жақсы қатынастамыз. 
 
Ғабит екеуінің бес баласы бар. Олардың балалары мені "апашка" дейді! Бізде "бөтен" және "өзіміздікі" деген ұғым бар. "Өзіміздікі" дегеніміз өз отбасымыз. Біз үлкен бір отбасымыз.
 
Қуанышта да, қиындықта да біз бір отбасы болып, бірге бөлісеміз. 
 Отбасы деген құжат жүзінде емес, рухани бірге болу екен" деп жазды журналист. 
 
Журналистің бұл жазбасына көп адам таңғалысып, "бірінші некедегі әйел мен екінші некедегі әйелдің тіл табысуы өте қиын ғой, ал мына жағдай расымен ерекше екен" дегенге саятын пікірлер жазуда. 
 
Барлық жаңалықтар