Күйеуін қызғанған орамалдағы әйел Сабина Мовлаеваға үндеу жасады

Күйеуін қызғанған орамалдағы  әйел Сабина Мовлаеваға үндеу жасады

Ол күйеуінің табысын сәніне жеткізе алмай жатқан барлық әйелдердің атынан сөйлеп отырғанын жеткізді, деп жазады Democrat.kz.

Орамалдағы әйелдің бас көтеруіне күйеуінің Сабина Мовлаеваның тәнін тамсана тамашалайтыны себеп болса керек. Сондай-ақ ол хиджаб киген әйелдердің боянып, сыланып, ерініне дүрдитіп ботокс жасататынына Сабинадай әйелдердің қылығы әсер ететінін алға тартты.

 

«Тамақ істеп жатсам Сабинаның билегенін күйеуім кідіріп, көріп тұрды. Ол менің жүрегіме батты. Иә, мен орандым. Біріншіден, Алладан қорыққаным үшін, екіншіден күйеуімнің ақыретін ойлағандықтан орандым. Өйткені еркектің жасаған жақсылығы мен садақалары әйелінің шашы жалаңбас болса, қабыл болмайды дегенді естіген соң орандым... Сол видеоны көргені үшін күйеуіме қатты ренжідім. Сабина қаншама бойдақ еркектердің көзайым болып жүргені бет-әлпетінің арқасынан екенін жақсы біледі. Тек үйленбеген жігіттердің арасында үйленгендер де кетіп қалып жатыр », – деп қынжылысын жеткізді ол.

(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар