Адия инстаграм желісіне құдалыққа дайындалып жатқан шағынан бейнежазба салып «Негізі қатты бояна бермеймін, сіздер қаншалықты жиі боянасыздар?» деп көпшілікке сұрақ қойды деп хабарлайды Democrat.kz.
Мұны оқыған желідегі жұрт сауалға жауап берудің орынына жас келінді сынның астына алған. «Боянудың қажеті жоқ, сәл-пәл семір оданда», «Көзінде от жоқ, мұңды», «Оранып жүргендер бояна ма? Күнә емес пе және намаз оқи ма?», «Өзінің түрі сондай ғой, суық», – деп жазды желідегі жұрт.