Әнші Қайрат Нұртастың анасы өткен күн естеліктерімен бөлісіп, жан сырын ақтарды деп жазады Democrat.kz.
"Баяғы Қайраттың концерттері, киімдері, әрбір әндері, анасы болсамда продюсерлік жұмыс өз мойнымда болған соң, менің таңдауыммен талғамым болатын, оны өздеріңіз де жақсы білесіздер.
Ананың тілегі қайтарылмайды дейді ғой, мүмкін Алланың қалауы солай болып әр ісіміз берекесімен болған шығар. Шоу бизнестің иісі мұрныма бармаған жан болсам да, атақты продюсерлерге барып, есіктерін қанша қаққаныммен елеусіз қала бергенім жаныма батып, ол кезде ұлым да өте жас болғандықтан өзімнің жанынан табылуым бәлкім қайырлысы.
“Күндестің күні қараңғы, соңымнан еріп әлі жүр” деп Қайрат әніне қосып жырлағандай, атағы шыққан кезден бастап “Мамасының баласы” деп, намысына тиіп ойын улап, менен бойын аулақ ұстаса сүрінеді бұл бала,- деген қара ниетпен не жазбады, не айтпады, не таратпады бәз біреулер.
Мұның бәрі менің ширауыма үлкен мүмкіндік берді, керісінше тау қопаруға дайын тұрдым, қолымнан келгеннің бәрін жасадым да.
Аренада жалғыз әнші болып ешкім бермеген 12 -35 мың халық толатын концерттерді, алғаш болып, үлкен форматтарда біз бердік, ия Қазақстаннан алғаш болып, оғанда өздеріңіз куәсіздер, естен кетпес ерекше шоқтығы биік концерттер жасай алдым.
“Алланың берген бағымен таласың болмасын”-деген емес пе? Болатын нәрсе болып жатты, себебі: бір жапырақ түссе де Алланың қалауымен екені анық. Шүкір бәріне шүкір, бәрінен өттік.
Нүрекең екеуіміздің дәл қазір айтып тұрған әніміз де өз таңдауымнан өткен ән, Қайратқа жеке де, дуэт етіп те айтқыздым, қарап отырсам ескі әндерінің бірі болып айтылмай қалып барады, тек ютубта ғана естелік болып қалыпты.
Өзімнің дайындаған әнім еді ғой, тереңге үңіліп қарасам өткен шақты еске алуымызға сөздері мағыналы, жарты өмірді сүріп тастаған өзімізге лайықты ән екен, сол себепті Нүрекеңмен қосылып айтып көрдім, ал енді сіздер тыңдап көріңіздер!" деп жазды Гүлзира Айдарбекова.