"Күшік күйеу іздеймін!" деген қыз кей ақымақтың шабына шоқ түсірді

"Күшік күйеу іздеймін!" деген қыз кей ақымақтың шабына шоқ түсірді

Әлеуметтік желіде қазақстандық ару "күшік күйеу іздейтінін" айтып, жазба жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz. 

"Срочно күшік күйеу іздеймін! Сразу айтам күшік күйеу боласың. Папамның қолын ұзартып, күйеу баланың қызметін атқарасын.

 Халям балям емес, жұмысым бар, үйім бар четкий қызбын. Не керек десең алып беремін, ақша беріп отырамын. Сен Ақтауда тұрасың, мен Алматыда жұмыс жасаймын, выходной барып тұрамын"деп жазды желі қолданушы. 

Ақтаулық қыздың бұл жазбасының астарын түсінбеген кей ақымақтар шабына шоқ түскендей тулап жатыр. 

"Мынаған зопарыктегі маймылдарды үйлендіру керек или Хытайда робыттар барғо содан сатып алсай тамақ сұрамайды толка зарядкаға қойяп алады папаң солай стегенің дұрыс болар", "Сен неген тәрбиесіз қызсың тәрбие берілмеген ау дұрыс саған бей ауыз неме" деген өте сауатсыз пікір жазған жігіттер ақтаулық қыздың не айтқысы келетінін мүлде ұқпаған сияқты. 

"Әкем мен шешеме қарайтын, тәрбиелі, үні шықпайтын, мен тапқан ақшаны жаратып, тыныш отыратын әйел іздеймін" деп кеудесін ұратын жігіттер әйел емес, үйіне қызметші іздегендей болатынын түсінген күні бұл қоғам өзгеретін шығар, қалай ойлайсыз? 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.

 

Барлық жаңалықтар