"Күзге дейін бірнеше әкім қызметтерімен қоштасуы мүмкін"дейді депутат

"Күзге дейін бірнеше әкім қызметтерімен қоштасуы мүмкін"дейді депутат
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза кешегі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Тоқаев айтқан мәселелерге қатысты өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz. 
 
“Әкім бол - Халқыңа жақын бол” дегендей,  Елордада президент Қ.Тоқаевтың қатысуымен игі жақсылардың кеңейтілген отырысы болды. Мін айтылды. Сын айтылды.
 
Барлығы орынды. Президенттің айтқан уәжі мен ойын облыс әкімдері өздеріне түртіп алғанына кәміл сенемін.
2026 жыл оңай жыл болмайтыны анық.
 
 Талай облыс басшылары да лауазымынан айырылып яки өзге қызметке кететіндей көрінді. Қасым-Жомарт Кемелұлының ақпараттанғаны көрініп-ақ тұр. Әр аймақта кім, қалай, қанша жұмыс жасағаны айдай анық.
 
Мемлекет Басшысы күзде Қазақстан Халқына жасайтын Жолдауына дейін ауыс-түйіс жасайтындай көрінді. Елімізге абыройлы болғай!"дейді Самат Нұртаза. 
Барлық жаңалықтар