Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің басынан өткен қиын кездерін есіне алды. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады деп жазады Democrat.kz.
«Ғашықпын сағандағы» қыздың ваннада отырып айғайлап жылайтын сәті қай-қайдағыны еске түсірді-ау. Қайрекеңнен кейін осылай ваннаға тығылып ішімдегіні суға айтып жылайтынмын. Сондағы ойым ұлдар көрмесін және қайғы-мұңымды көз жасы арқылы суға ағызып жіберсем, жеңілдеп қалам деп ойлайтынмын», — деді ол.
Журналистің бұл жазбасына оқырмандары жұбату пікірлерін жазуда.