Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы қария кісілерге мотивация беру мақсатында арнайы хабар ашқанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.
"Үйдегі үлкендеріңізді жіберіңіздер: келсін, қонақ болсын, көңілі көтеріліп, іштегі қазынасын бөліссін. Мүмкін, оның бір сөзі бір жанға дем болар: +7 (702) 962-55-53 мына нөмірге хабарласа аласыз.
Қай платформаны ашсаң да — мотивация, даму, табыс туралы подкаст пен жобалар толып жатыр. Былайша айтқанда, жастардың бос уақыты босқа өтпейді.
Ал үлкендеріміз ше? Мамам Instagram мен TikTok былай тұрсын, WhatsApp-ты да әрең қолданады. Онда да — тек “голосовое” мен “переслать” .
Бірақ ол да қалыпты жағдай, жас емес қой. Олар туған-туыс, сыныптас деген топтарда отырып, өз ортасында мамыражай әңгімеледі. Бірақ соның өзінде, үлкендерге арналған салмақты, жылы контент тым аз.
Сол үшін Дишинкам үйде отырып іші пыспасын, денсаулығы сыр бермесін деп қатты уайымдадым. Қаладағы кино, театр, кітапхананың бәріне апардық — бәрібір бір нәрсе жетіспейді.
Сөйтіп, “өткенді еске алып, өз замандастарымен әңгімелесіп, ақылдарын бөлісетін орта болса ғой” дедім. Ертең ата-анамыз өмірден өтсе, “неге көбірек видео түсірмедік, неге жазып алмадық?” деп өкінгіміз келмейді ғой.
Сол оймен «Мамыражай» хабарын аштым. Анам жүргізуші де, журналист те емес. Бірақ оның айтқандарын, күлкісін, естеліктерін — немерелері мен шөберелері көретіндей етіп қалдырғым келеді.
Жақында менің YouTube арнамда алғашқы хабарлар жарық көрді.
Әңгіме мен ақыл — сіздің қазыналарыңыздан, ал шай — менен"деп жазды журналист.