Ләйлә Сұлтанқызы неден қатты қорқатынын ашық айтты

Ләйлә Сұлтанқызы неден қатты қорқатынын ашық айтты

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі қоғамдағы ақпараттың әсері мен бейбіт өмірдің маңызы туралы жазба жариялады, деп жазады Democrat.kz.

Ол бүгінгі заманда бір ғана сөздің немесе жазбаның үлкен аудиторияға әсер ететінін атап өтті.

«Маған кейде қорқынышты… Бір адамның сөзі – миллион адамның жүрегіне үрей салатын заманға келдік.
Бір пост – бүкіл әлемді дүрліктіре алады.

Бүгін “соғыс болады”, ертең “әлем құриды” деген сөздер желдей еседі. Бірақ біз ұмытып барамыз:әлемді сөз емес, адамдардың әрекеті өзгертеді», деді ол. 

Сонымен қатар тележүргізуші ана ретінде өз тілегін де жеткізді.

«Біз – өркениетті бейбіт әлемнің бір бөлшегіміз. Ана ретінде мен бір ғана нәрсені қалаймын, балаларымыздың санасында бейбіт әлем, сенім мен бақыт бұзылмасын», - деп түйіндеді Сұлтанқызы. 

Барлық жаңалықтар