"Лақтырбай!": Баян Алагөзова Балжан Бидаш туралы жаман айтты

"Лақтырбай!": Баян Алагөзова Балжан Бидаш туралы жаман айтты

"Кешью" тобының мерейтойы қарсаңында жалғасын тапқан сұхбатта продюсер Баян Алагөзова топтың бұрынғы солисті Балжан Бидаш туралы өткір шындықты айтты деп жазады Democrat.kz.

Танымал топтың әншілерінің өткені туралы кеңінен сұхбат беріп, қазіргі кездегі жағдайға баға берген продюсер Баян Алагөзова: "Балжан Бидаш бұдан алдын шыққан сұхбатта өзіне  қатысты "әдемі емес" деген сыныма ренжіп қалыпты. 

Бұл дегеніңіз Балжан Бидаштың өресінің әлі өспегенін көрсетсе керек. Әйтпесе, мені де ұсқынсыз дейтіндер жоқ емес. Алайда мен өзгенің пікіріне емес, өзіме ғана сенемін ғой!?

"Қатысамын" деп сөз беріп, орта жолда уәдесін бұзған Балжан Бидаш туралы "кидала" деп айтар едім. Иә, Балжан Бидаш бізді лақтырып кетті. Соңғы рет күтпеген жерден кездесіп қалғанымызда өзі амандасты. Мен де "сәлем және сау бол!" Деп теріс бұрылдым. Себебі ондай лақтырбай адамға құрметім болмайды", деп ренішін білдірді. 

 

Барлық жаңалықтар