Танымал режиссер Ақан Сатаевтың бұрынғы әйелі Назира сұхбат беріп, басынан өткен сұмдық жайттарды жайып салды деп жазады Democrat.kz.
Назира Бақаева әу бастан халыққа "Қоштасқым келмейді" фильміндегі мылқау қыздың рөлін ойнап, кеңінен танымал болды.
Режиссер Ақан Сатаев екеуінің арасында бес бала болғанымен, Назира мен Ақан кезінде ресми некеге отырмаған. Ал қазір қаржылық, эмоционалдық байланыста бір шаңырақтың астында әйелмен тұрып жатқанын айтқан ол лесбиан екенін де жасырмайды.
Өз сөзінде Назира: "Бес бала туып бердім. Ақанның қарт әкесі мен шешесін бағып, күтімін жасап, қара шаңырақта жылдар бойы тұрдым. Қос қарияның оңғы демі үзілгенше жандарында болдым. Ата, енеге, күйеуге қызмет ету, балаларға қараумен ғана шектелдім"деп, есейген балаларын әкесімен қара шаңыраққа тастап, кетіп қалғанын айтады.
"Балалар осы әулеттікі ғой?! Мен "ажырасып" "тастанды" болған әйел сценарийін бұздым"деген Назира Бақаева қазір Астанада тұрып жатқанын, өзінің өмірін сүріп жатқанын жеткізді.
Ал танымал режиссер екінші әйелі Альмирамен бірге өмір сүріп жатыр.
Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ.

