"Лесбиандар күйеуіне тоқал әпергіш" деген жігіт сұмдық нәрсені жайып салды

"Лесбиандар күйеуіне тоқал әпергіш" деген жігіт сұмдық нәрсені жайып салды

Ресми некедегі күйеуіне екінші әйел алып беруді өзі ұсыныс жасап, елді шулатып жүрген кей әйелдердің "диагнозын" әлеуметтік желі қолданушысы дөп басып қойған сыңайлы деп жазады Democrat.kz.

Ең қызығы күйеуіне тоқал алғыш әйелдердің "диагнозын" басқа емес, еркек адам қойыпты.

Азамат Оңалбай атты желі қолданушы: "Лесбиянкалардың тұрмысқа шығып алып, күйеуіне 2–3 қатын ал деп айтатынын білемін, бірақ дәлелдей алмаймын"деп жазба жариялады

Азаматтың бұл жазбасы көп кісіні ойландырып қойған сыңайлы. 

"Оларға бірден үш не төртіншісі бола салған ыңғайлы-ау",

"Или біреудің 4-ші әйелі боп алады",

"Еще турмыска шыгып бир бала туып ажырасып кететиндерин де билемин, бырак далелдей алмаймын"деген пікірлер жазуда жұрт. 

Әйелі бар еркекке қандай қыздың тоқал болғысы келетіні сияқты, өзінің ресми күйеуіне тоқал алып бергіш әйелдердің де біз білмейтін психикалық ерекшеліктері бар сыңайлы. 

Біз хабарласып, пікірін сұраған психолог Айман Сапарбекқызы: "Жалпы, ақылды, білімді әйел өзі сүйіп қосылған өмірлік жарына екінші әйел әперуді тіпті ойламайды да. 

Күйеуіне екінші әйел әперу туралы жай ғана хайп үшін айта салатындар болады. Ондай әйелдер шындап келгенде, күйеуінің басқаға көз салғанын да қаламайд.

Келесі бір әйелдер бар, "күйеуімнің көңілінен толық шықпадым" деп өзін мүжіп, кінәлап, амалсыз осындайға баратын. 

Ал тоқалмен бірге өмір сүріп жатқан әйелдердің жартысы амалсыз көнгендер, жартысы өз ақылы өзіне жетпейтіндер деп айтар едім. 

"Лессбиандар тоқал әпергіш" деген сөздің де салмағы болуы әбден мүмкін. Бірақ нақты дәлел, деректі әзірге кезіктірмедім. 

Десек те, теріс ағымның өкілдері арасында болып жатқан сұмдықтарды есепке алсақ, әбден мүмкін дер едім" дейді. 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН

 

Барлық жаңалықтар